IONIQ 5 және Tucson автокөліктері Sony Pictures ұсынған «Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ» фильмінің кейіпкерлері болады, ол 2021 жылдың 15 желтоқсанынан бастап кинотеатрларда көрсетіледі
Hyundai Motor ғаламдық маркетингтік науқанында режиссер Джон Уоттстың IONIQ 5 электромобилі мен Өрмекші-адам рөліндегі актер Том Холландтың қатысуымен жаңа жарнамалық ролигі бар
«Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ» – 2022 жылы жаңа фильмдерге маркетингтік қолдау көрсетуді көздейтін Hyundai және Sony стратегиялық серіктестігі аясында түсірілген алғашқы фильм
Серіктестіктің арқасында көрермендер компанияның инновациялық модельдері мен технологияларында іске асырылған Hyundai Motor антропоцентрлік ұтқырлық тұжырымдамасымен таныса алады
IONIQ 5 электромобилі және Hyundai Tucson жаңа буындағы кроссовер «Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ» («Spider-Man: No Way Home») фильмінде – Sony Pictures шығарған жаңа кинокартинада голливудтық дебютін атап өтеді.
2021 жылдың 15 желтоқсанындағы фильмнің кинопрокатының басталуы қарсаңында Hyundai Motor компаниясы ғаламдық теледидарлық жарнамалық роликтер мен цифрлық форматта жылжыту жөніндегі басқа да көптеген белсенділіктерді қамтитын интеграцияланған маркетингтік науқанды бастады. Жаңа науқан Hyundai Motor компаниясының Sony Pictures компаниясымен 2020 жылдың мамыр айында компанияның өнімдік және технологиялық инновациялары арқылы антропоцентрлік ұтқырлық тұжырымдамасын көрсету үшін жасалған бірегей мультиформатты серіктестіктің нәтижесі болды.
«IONIQ 5 электромобилі мен Tucson жаңа буындағы кроссоверінің «Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ» картинасына қатысуы – Hyundai Motor және Sony Pictures Entertainment компанияларының стратегиялық серіктестігінің алғашқы маңызды кезеңі, – деп мәлімдеді атқарушы вице-президент, ғаламдық маркетинг жөніндегі директор және Hyundai Motor клиенттермен жұмыс істеу бөлімшесінің басшысы Томас Шемера (Thomas Schemera). – Біз осы коллаборациядан үлкен маркетингтік нәтиже күтеміз. Қызықты фильм және екі Hyundai автокөлігін басты кейіпкерлердің сюжеттік желісінің маңызды сәттеріне тарту бүкіл әлемдегі миллиондаған көрермендердің көңілінен шығады».
«Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ» – Sony Pictures және Marvel Studios шығарған Өрмекші-адам туралы үшінші фильм, онда актер Том Холланд (Tom Holland) жоғарғы сынып оқушысы Питер Паркердің және оның альтер эгосы – Өрмекші-адамның рөлдерін сомдайды. Алдыңғы «Өрмекші-адам: Үйден жырақта» («Spider-Man: Far From Home») фильмі әлемдік кинопрокатта 1,131 миллиард АҚШ долларын әкеліп, 2019 жылғы фильмдер арасында кірістілігі бойынша төртінші және кинематограф тарихында – 25-ші орын алды.
«Hyundai – бұл визуалды дизайндағы озық технологиялар мен инновациялардың бейнесі, сондықтан IONIQ 5 моделі мен көптен күткен «Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ» кинокартинасы үшін прогрессивті маркетингтік науқан іске қосылғаны таңқаларлық емес. Ол осы серіктестік үшін арнайы жасалған дербестендірілген контентке негізделген. Мұндай инновациялық ынтымақтастық Өрмекші-адамның жанкүйерлерінің көңілінен шығатынына күмәнім жоқ», – деп атап өтті ғаламдық серіктестіктер және бренд-менеджмент жөніндегі атқарушы вице-президент, сонымен қатар Sony Pictures Entertainment жергілікті ойын-сауық бөлімінің басшысы Джеффри Годсик (Jeffrey Godsick).
Фильмде модельдерді көрсетуден басқа, Hyundai Motor өзінің «Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ» фильмімен байланысты интеллектуалды меншік құқықтарын қолдана отырып, әртүрлі маркетингтік әрекеттерді жүзеге асырады. Олардың қатарына Өрмекші-адамның рөлінде Том Холланд және оның жақын досы Нед Лидстің рөлінде Джейкоб Баталон (Jacob Batalon) қатысқан, Өрмекші-адам туралы соңғы үш фильмнің режиссері Джон Уоттс (Jon Watts) түсірген «Үйге жалғыз жол» («Only Way Home») толық жарнамалық ролигі кіреді.
Телевизиялық роликте өзінің адал есімін қорғағысы келетін Өрмекші-адам Недпен бірге IONIQ 5 электрокарында 480 км-ден астам жолды еңсеріп, Нью-Йоркке сапа шегеді. Екі кейіпкер қала сыртындағы жолмен футуристік дизайнымен көзге түсетін жылтыр IONIQ 5 көлігінде жолда әзілдесіп келе жатады. Бейнероликтің 30 секундтық нұсқасы 2022 жылдың қаңтарында АҚШ, Еуропа, Қытай, Ресей және әлемнің басқа аймақтарындағы танымал телеарналарда көрсетіледі.
«Прогрессивті технологиялар керемет мүмкіндіктер ашады, сондықтан біз IONIQ 5 Өрмекші-адам туралы жаңа фильм үшін өте мінсіз жарасымды екеніне сенімдіміз», – деді Hyundai Motor America маркетинг жөніндегі директоры Анджела Сепеда (Angela Zepeda). – «Marvel киноәлемінің кейіпкерлері бар біздің промокампанияларымыз жоғары тиімділікті көрсетті. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Өрмекші-адамның жанкүйерлері біздің жұмысымыздан ләззат алады, сондай-ақ революциялық электрлік кроссовермен жақынырақ танысады деп ойлаймыз».
Сонымен қатар, Hyundai Motor жаңа буынды заманауи Tucson кроссоверінің қатысуымен 30 секундтық роликті шығарды. Онда Tucson автокөлігі мен Том Холланд қатысқан фильмнің негізгі көріністері көрсетілген.
Әлеуметтік желілерде Hyundai жанкүйерлерге «Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ» фильміне және IONIQ 5 моделіне арналған арнайы постерді, сондай-ақ жеке цифрлық тұсқағазды алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пайдаланушылар IONIQ 5 жарнамалық ролигінің түсірілімінен алынған сахна сыртындағы кадрларға және басқа да бірегей контентке онлайн қол жеткізе алады. «Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ» фильмінің алдағы уақытта шығуы аясында Hyundai Motor интеграцияланған маркетингтік науқанының шеңберінде негізгі роликтер Лондондағы Пиккадилли алаңындағы бейнепанельдерде және әлемнің басқа да жарнамалық алаңдарында көрсетіледі.
«Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ» блокбастеріне көрсетілген қолдаудан кейін Hyundai Motor компаниясы басқа болашақ фильмдерге арналған түрлі маркетингтік бастамаларды ұйымдастырады. Олардың ішінде – тұсаукесері 2022 жылдың ақпан айына жоспарланған «Анчартед: карталарда көрсетілмейді» («Uncharted») картинасы және сыншылардың мойындауына ие болған және бірқатар марапаттарды иеленген, 2022 жылдың қазан айында экранға шығатын «Өрмекші-адам: Әлемдер арқылы» («Spider-Man: Into the Spider-Verse») анимациялық фильмінің сиквелі».